Мемлекеттік қызметкерлерге еңбекақы есептеуді автоматтандыру жобасын жүзеге асыруды 2009 жылы бастау жоспарланып отыр

Ол қазіргі уақытта елдің қазынашылығының ақпараттық жүйесіне "еңбекақы" атты арнаулы модульді енгізу мәселесі талқыға салынып жатқанын еске салды. Ол мемлекеттік қызметкерлерге еңбекақы белгілеу жүйесін толығымен автоматтандыруға мүмкіндік бермек.

"Үкімет тапсырмасына орай Қаржы министрлігі республикалық бюджеттік комиссиясының таяудағы отырысына аталмыш жобаны қаржыландыруға өтініш жасауы тиіс. Жобаны 2009-2010 жылдары жүзеге асырамыз деген ойдамыз. Егер қаражат бөлінетін болса, жоба 2009 жылы іске аса бастауы тиіс", - деді төрағаның орынбасары.