Мемлекеттік қызметте мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалуы тиіс - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасы

"Бұл мәселе бойынша менің жеке пікірім - мемлекеттік қызметте біз мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасап беруіміз керек", - деді Ғ. Әбдірақымов.

"Мәселен, Германияны алып қарайық. Онда ішкі істер министрі жарымжан адам. Мүгедектер арбасына таңылған. Ал Ұлыбританияда ішкі істер министрі соқыр болған", - деп атап көрсетті Ғ. Әбдірақымов.

Оның айтуынша, біздің мемлекеттік қызметтің кемшіліктерінің бірі - "біз әлі де мүгедекеттер үшін ерекше жағдай жасай алмай отырмыз. Олар ерекше азаматтар болғандықтан, біз оларға ерекше жағдай жасауымыз керек. Менің ойымша, мемлекеттік қызметтің жаңа тұжырымдамасында біз бұны міндетті түрде ескеруіміз қажет".

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің төрағасы егер азаматтар білім алса, дипломы болса, мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге құқылары болуы тиіс деп есептейді.

Ғ. Әбдірақымов сондай-ақ, Астанаға қайтып келісімен, Қарағанды тұрғыны Асхат Егеубаевтың оқиғасымен айналысып көрмек. Ол жанары бойынша мүгедек болып есептеледі және оны медициналық комиссия мемлекеттік қызметке жарамсыз деп тапқан.