Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарының заңсыз тексерулері барысында өндіріп алынған айыппұлдарды кәсіпкерлерге қайтарып беру ұсынылды

«ГАСК органдарының тексерулері нәтижесінде 574 кәсіпкерлік нысан әкімшілік жауапқа тартылып, оларға 91 млн теңгеден астам айыппұл салынған», - деп сейсенбі күні кәсіпкерлер құқығын қорғау мәселелері жөніндегі бейне-конференцияда Бас прокуратураның 1-ші департаменті прокуроры Қуанышбек Мұқаш мәлім етті.

Оның айтуынша, аумақтық сәулет-құрылыс бақылау органдарының лауазымды тұлғалары «заңды белшеден басып, кәсіпкерлердің салынған нысандарды пайдалануға қабылдау туралы өтініштері негізінде олардың қызметін тексерген. Нәтижесінде оларға әкімшілік жаза қолданып, айыппұл салған. Мұндай оқиғалар Ақмола, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, Астане және Алматы қалаларында болған.

Прокурордың сөзіне қарағанда, «айыппұл төленбеген жағдайда нысандарды пайдалануға рұқсат етілмегендіктен кәсіпкерлер аталған ақшаны төлеуге мәжбүр болған» көрінеді.


Қазір бас прокуратура осы айыппұлдарды кәсіпкерлерге қайтарып беру бағытында жұмыс істеп жатыр. Бір кәсіпкерге салынған айыппұлдың орташа сомасы «500 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейін» жеткен.