"Мемлекеттік шекара жайындағы ақиқат" атты кітап баспаға дайындалуда

Е.Ашықбаевтың хабарлауынша, "кітапта бұрындары жұртшылықтың назарына ұсынылмаған толыққанды ақпараттар беріледі". "Мәселен, кейбір саясаткерлердің Қазақстан мемлекеттік шекара сызығын анықтауда кеңшілік жасады-мыс деген мәлімдемелері жоққа шығарылады",- деді ол.

"Мемлекеттік шекара жайындағы ақиқат" атты кітап 2006-жылдың басында жарыққа шығады.
Қазақстанның мемлекеттік шекарасының ұзындығы 14 мың шақырымды құрайды.