"Қазір біз "Мемлекеттік тапсырыс туралы" заң жобасын жасау жұмысын аяқтауға жақын қалдық",- деді О.Рябченко. "Бұл заң жобасын біз наурыз айында парламентке ұсынамыз, және оның заң шығарушы орган сатыларынан сүрінбей өтетіндігіне сеніміміз зор",- деді ол.
Вице-министрдің бағалауынша, заң жобасы қабылдану нәтижесінде қазақстандық бейресми ұйымдардың іс-қызметіне арналған қаржы "тек ақпарат министрлігінің ғана емес, сондай-ақ, басқа да профильді министрліктердің желісімен 2005-жылғы бюджетке нақты қарастырылады". Заң жобасында бейресми ұйымдардың жұмысын жергілікті бюджеттен қаржыландыру мүмкіндігі де заңдастырылады,- дейді О.Рябченко.
Қазір заң жобасы үкімет тарапынан келісімге ие болу үшін тапсырылды.