Мемлекеттік тілде білім алатындар адам құқықтары жөніндегі ақпаратқа қол жеткізе алмайды - сарапшы

"Біздің жобаларымыз көрсеткендей, "адам құқықтары" пәнін қазақ тілінде оқытуға әдістік және әдістемелік құралдар мен оқулықтар жетпейді. Орыс тілінде білім беретін мұғалімдерде Ресей оқулықтарын пайдаланатын мүмкіндік болса, қазақ тілді оқытушыларға көмек болатын еш нәрсе жоқ. Сол себепті қазақ тілінде білім беруге баса назар аудару қажет", -деді С. Мектепбаева.