"Тұрғын үйдің бір шаршы метрінің бағасы республика бойынша әр аймақта әрқалай екені белгілі. Алматы, Астана және Атырауда , сонымен қатар басқада ірі қалалардағы тұрғын үй бағасы облыс орталықтарына қарағанда әлдеқайда жоғары, ал аудан орталықтарымен салыстырғанда он есе қымбат. Алайда , әкімдер мемлекеттік бағдарлама бойынша баспананы ірі қала болсын, ауыл болсын бір бағамен салып жатыр",- деп мәлімдеді Н.Коржова.
Министрдің пайымдауынша, соның арқасында ірі қалада тұрғын үй тапшы, ал ауылда оған сұраныс жоқ.
Сонымен қатар, Н.Коржова "кейбір аймақтарда бюджет есебінен үйлер несиеге жоғарылатылған смета бойынша салынған", дейді. "Мәселен, қаржы министрлігі қаржылық бақылау комитетінің мәліметтеріне қарағанда, Алматы облысы Іле және Панфилов аудандарында мемлекет қаражатына салынған қолайлы тұрғын үй бағасы Астана мен Алматыдағымен бірдей" ,- деп атап өтті қаржы министрі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті