Мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасына арналған қаржының бір бөлігі коммуникациялық желілерді дамытуға жұмсалады

"Тұрғын үй бағдарламасын тиімді жүзеге асыруға инженерлік-коммуникациялық магистральдық желілер тартылған жер учаскелерінің тапшылығы қолбайлау болып отыр",- деді президент. "Осыған байланысты мен нақты сұранысқа байланысты үкіметке қаржының бір бөлігін басқа мақсатта жұмсау туралы тапсырма бердім",- деді Н.Назарбаев.

"Біз ағымдағы жылға межеленген тұрғын үй құрылысын салу көлемін 3 млн. шаршы метрге асыра орындадық. Бұл былтырғыдан 1,5 есе артық",- деді президент. Ел көлемінде 30 мың пәтер пайдалануға берілді. "Бұл - ТМД елдері арасындағы ең жоғары қарқын",- деді президент.
"Ел тұрғындарының басым бөлігі баспаналы болатындай жағдай жасау қажет. Ол үшін біз бюджет қызметкерлерінің жалақысын көтердік. Бұл өсім ел экономикасы мен жеке меншік сектордағы еңбекақы өсімімен парапар",- деді президент.
Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 10 айында еліміздегі жалпы құрылыс жұмыстарының ауқымы 587 млрд. теңгені құрап, былтырғыдан 40 процентке артты.
Бүгінде құрылыс саласында 409 мың адам еңбек етуде.