Еске салайық, фракция отырысында «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланған болатын.
«Бұған дейін айтылған әлеуметтік бастамалар, соның ішінде азаматтық қызметшілерге жалақы төлеудің жаңа моделін енгізу, «Б» корпусының мемлекеттік қызметкерлеріне жалақы деңгейін арттыру, мүгедектік бойынша және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақыны арттыру 2016 жылға ауыстырылады. Бұл мәселе бізде шілде айында жоспарланған болатын, енді 2016 жылға шегерілетін болып отыр. Яғни, бұнда ешқандай да бас тарту деген болмайды, тек мерзімі шегеріледі», - деді Гүлжан Қарағұсова.
Депутаттың айтуынша, бастапқы, негізгі орта және жалпылама орта білім беруді жан басына шағып қаржыландыру шығыстары 12,3 миллиард теңгеге азайтылады. «Өйткені ондай қаржыландыру 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 10-11 сыныптарда сынақ ретінде жүзеге асқаннан кейін барып қана енгізілуі мүмкін», - деді ол.