Рабиға Сұңкарбаева, Алматы қалалық Тұрғынүй басқармасының бөлім басшысы:
-Мемлекеттік емес мекемелердің қызметкерлері, яғни медицина, мектепке дейінгі дайындық, тәрбие жұмыстары мен ғылым саласында, өнер мен спорт және мәдениет саласында қызмет ететін азаматтар Мемлекеттік тұрғын үйге үміткер бола алады. Бұл тізімге тек косметолгия мен шоу-бизнес саласының қызметкерлері кірмейді.
Үміткерлер үш категория бойынша тізімделмек. 1-ші топқа жергілікті атқарушы билік орындарында баспана кезегінде тұрғандар тіркеледі. Олар тек төлем қабілеттілігін растаса болды. 2-ші топқа үйге мұқтаж азаматтар, оралман мәртебесі барлар тіркеледі. Ал 3-ші топқа жасы 29-ға жетпеген жас отбасылар қабылданбақ. Осы “Қолжетімді баспана-2020” бағдарламасымен салынып жатқан пәтерлердің шаршы метрінің құны жақында 10 пайызға қымбаттағанын айта кетейік. Қазір өңірлердегі үйдің шаршы метрі кемі – 90 мың теңге, ал Алматы мен Астанада – бұл бағам 120 мың теңгеден жоғары.