"Мемсыйлықты қимасаңдар, Еңбек Ері атағын беріңдер": Танымал тарихшы алаштанушы Тұрсын Жұртбайға өзіне лайық атақты беруді талап етті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

"Үкімет! 15 тамызда 75 жасқа толатын Турсын Журтбай @tzhurtbai ақсақалға Мемсыйлықты қимасаңдар, Тәуелсіз елдің 35 жылдық тойы аясында қалам қайраткеріне Еңбек Ері атағын беріңдер!

Тұрсын ұстазды қолдаймын, ашық хатқа қол қоямын десеңіз, + таңбасын қойыңыз", - деп жазды ол.

Қоғам қайраткерінің бұл бастамасын қолдағандар арасында елімізге белгілі тұлғалар да бар. Олардың қатарында Дана Нұржігіт сынды танымал тележүргізуші де бар. Ол аталған жазбаның астына: "100% қолдаймын! Тұрсын Жұртбай тарихты сөйлеткен арамызда жүрген шежіре-адам. Үлкен құрметке ылайық тұлға" деген жазба қалдырған.

Сол сияқты желі қолданушылары да өз пікірлерін жарыса жазып, ғалымға лайықты атағын беруді талап еткен.

"Осылай, айту керек, айтпаса ешкім естімейді! Біз қолдаймыз! Осындай мықтыларға бермейсіңдер ма мемлекеттік сыйлықты!", "Тұрсын Жұртбай әнші болғанда , әлдеқашан беріп қояр еді ау", - деп жазып жатыр желі қолданушылары.