Енді оның бұрынғы күйеуі арада не болғанын айтты, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.
Актрисаның экс-күйеуі не деді?
Ол болған жайтқа қатысты өз шындығын желідегі парақшасында білдірді.
"Мен бұлай болады деп ойламадым. Адам болған соң, армансыз тұра алмаймыз. 4 жыл музыка саласы, 4 жыл актерлік, 2 жыл театрда қызмет ету, фильмдерге түстім. Димаш Құдайбергеннің концертін жүргізіп, кәсіпкерлер мен эксперттерге сенімді сөйлеуді үйретіп жүрмін.
Иә, өмір күрес. Мұның бәрі - бұл бала Абайдың арманының орындалғаны. Ринг-анонсер болу - асқақ арманымның бірі еді. Орындалды. Шаршы алаңда тұрып, мықтыларды хабарлау... Бұл жаңа деңгей!
Сондықтан, арманда, әрекет ет! Арманға деген жол, ешқашан адастырмайды", - деп жазды ол.
Еркекке сенбе, екі босағаңа сен...
Көпшілік оның Жанель Мақажанмен ажырасқанын қатаң сынға алған.
Айта кетейік, актриса Жанель Мақажан бұрынғы күйеуімен ажырасқаны туралы хабарлаған еді.