Талғардағы Хасаны ретінде белгілі болған азамат, ел алдына шығып, алғаш рет үндеу жасады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Ер адам оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"Қайғырып көңіл айтамын. Әрине қиын, жас өлім. Ешқайсымыздың басына бермесін. Мен де әкемін, үш бала тәрбиелеп өсіріп отырмын. Біздің отбасымызға да әрине оңай болып тұрған жоқ. Қанша күннен бері ұйқы жоқ. Жалған ақпарат менің және менің отбасыма, бәрінің мазасы кетті, қанша күннен бері ұйықтамадық. Банда, ОПГ деп жатыр, ондайға менің қатысым жоқ. Заң алдында сотталмағанмын, заңмен ешқандай проблема болмаған. Әрине, інісі сотталған, анау-мынау деп айтып жатыр... Інім 2017 жылдан бері өзінің жазасын өтеп жатыр, заң бәрімізге ортақ", - деді ол.