Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.
«Барлығы бірден өзгеріп кетуі мүмкін емес. Ескі көлікті сындырмай, жаңа көлікті жүргізу мүмкін емес. Себебі ескі көліктер бүкіл жерде бар. Біз бірақ барлығын бір мезетте жұмыстан шығарып тастап, жаңа адамдар ала алмаймыз. Біз «Жаңа Қазақстанға» біртіндеп келеміз. Қазір азаматтық қоғам ілгеріледі. Соттардың әділдігі үстемдікке ие болып жатыр. Қазір олар кейбір істі жаба салмайды. Бұрын пара алып, тыныш қана мәселені шеше салатын. Азаматтық қоғам араласпайтын. Қазір біз бірлесе отырып оны өзгертуге тырысып жатырмыз. 30 жыл өтті, 3 жылда оны өзгерту мүмкін емес», - деді Алагөзова.
Продюсер 42 жыл Алматыда тұрып жатқанын айтты. Сұхбат барысында оған осы жылдары «Қала әкіміне дауыс беруге бардыңыз ба?» деген сұрақ қойылды.
«Ондай ой келмепті. Мен де «ескі Қазақстанның» құрбанымын. Ол кезде менің басыма әкім таңдау қажеттілігі келмепті. Әкімдерді тағайындайды, ол дұрыс деген түсінік болатын», - деді Баян Мақсатқызы.