«Мен де сайлауға қатысатын едім»: Динара Сәтжан желідегі жазбасымен көпті ойландырып қойды

Айтуынша, тележүргізушінің өзінің де көпшілік сынды сайлауға түсетін ойы болған, деп хабарлайды Caravan.kz.

Бұл ойымен тележүргізуші өзінің желідегі парақшасында бөлісті.

«Мен де көпшілік сияқты сайлауға түсетін едім. Алайда өзімнің қолынан не келеді, сонымен айналысуды жөн көремін. Мәселен, бұрынғыдай сұхбат алу, оның ішінде Мәжіліске кандидаттардан да сұхбат ала аламын. Менің Youtube-каналымда кімдерді көргіңіз келеді, жазсаңыздар?», - деп жазды ол.

Желі қолданушылары аталған жазбаға қатысты түрлі пікір қалдырған.


«Шынымды айтсам, негізі сізді Мәжілістен күткен едім, алайда сіз өз орныңыздасыз және осы жұмысыңызбен жұртқа көбірек пайдаңыз тиеді», «Көпшілік сияқты баратын едім дегенді қалай түсінеміз? Барыңыз, сайлауға түсіңіз, сізді кім ұстап тұр?», «Тегін аласыз ба? Әлде ақшаға ма?», «Депутат қызық емес бізге, басқа адамдар толып жатыр ғой алатын» деп жазды олар.