Бұл туралы Caravan.kz порталы Уральская неделя - ға сілтеме жасап хабарлады
Оқиға 13 желтоқсанда болған. ІІМ академиясы Саламаттың ата-анасына баласының өз-өзіне қол жұмсағанын жеткізген. Екі күннен соң марқұмның денесі туған жері Орал қаласына жеткізілді.
Аталған басылымның тілшілері марқұм Саламаттың анасы Бекзат Иманғалиевамен тілдескен. Оның айтуынша, баласы қайтыс болғанға дейін ата-анасынан үнемі ақша аударуды сұраған. Соңғы үш айда ақша сұрауы тіпті жиілеп кеткен көрінеді.
Ал қайтыс болатын күні сағат 11.00-ден 17:00-ге дейін ағасынан 300 мың теңге жіберуін сұраған. Ал соңғы хабарлама 16:31-де келген. Ол ағасына "мен кеттім" деп жазып, белдігінің және өзінің соңғы суретін жіберген.