Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Продюсер инстаграм желісіндегі сториз бөлімінде өзін «міні жоқ әйел» деп көрсетті.
«Мен жалпы мінсіз әйелмін — ішімдік ішпейді, темекі тартпаймын, шпагатқа оңай отырамын”, — деді продюсер.
Естеріңізге салсақ, продюсер жақында ғана “мама Клара” атты реабилитациялық орталық ашқан еді.
Орталықтың мақсаты - отбасында зорлық-зомбылық көрген әйелдерге қолдау көрсету.
Продюсер орталыққа енесінің атын берген көрінеді. «Оңалту орталығымыздың аты – «Клара». Бұл – менің жұбайымның анасының есімі. Марқұм Клара мамамыз бізге көктен қарап, игі істерімізге батасын беретініне сенемін», – деді ол.