Мен өлімнен қорықпаймын: Шарль Азнавур қайтыс болды

Әнші осы уақытқа дейін 1500-ға жуық ән жазса, 100-ге үнтаспа шығарған. Музыкант Эдит Пиаф, Лайза Минелли, Патрисия Каас, Лучано Паваротти сынды әлемге әйгілі әншілермен бірге тығыз байланыста болды.

1998 жылы "Time" журналы мен "CNN" арнасы Шарль Азнавурды XX ғасырдың ең үздік эстрада әншісі деп атаған болатын.

Азнавур кино әлемінде де өз бағын сынаған болатын. Ол "Арарат", "Пианисті атыңдар", "Жестяной барабан" сынды фильмдерде актер ретінде бақ сынаған болатын.

Әлемге әйгілі әнші, музыкант 2013 жылы Алматы қаласына келіп, "Еуразия" халықаралық кинофестивалінің арнайы қонағы болған еді.