"Мен психология ғылымының докторымын": Әнші Тамара Асар ақылы түрде психологиялық кеңес беретінін айтты

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды. 

Бүгінде Тамара Асардан кеңес сұрайтындардың қатары көбейген сыңайлы. Дәлелі ретінде, әншінің жазбасынан байқауға болады. 

"Жеке кеңесіңізге қалай жазыламын, бағасы қанша?" деген оқырманына жауап жазды. 

"Мен арнайы мамандандырылған психология, педагогика ғылымының PhD докторымын. Осы алған білімімнен қарайып қалмау үшін ғана, өзімді шаршатпай отбасыма ыңғайсыздық туғызбай, өз бабымды толық қамтамасыз етіп қана, консультация өткіземін. Қазір ақылары алдын-ала төленіп қойылғандырмен графиктері бойынша жеке онлайн ғана сабақ жүруде. График алдымыздағы 4 айға толып тұр", деп жазды әнші.