- Жекпе-жек алдында қобалжымаймын. Кездесуді асыға күтемін. Дайындық ойдағыдай өтті. Енді соның бәрін рингте көрсетуім керек. Жағдайға қарай жұдырықтасамын. Бірақ мен Қанатты нокаутқа жіберуді көздеп отырмын. Маған қазақстандық жанкүйерлер ренжи қоймас деп ойлаймын. Дегенмен, мен Алматыға тек жеңіс үшін келдім, - деді ганалық.