«Мен қазақпын» халықаралық мегажобасы бүгіннен бастап экранға шығады

Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Мен қазақпын» халықаралық мегажобасының күнделіктері басталады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Еліміздің және шетелде қоныстанған қандастарымыздың дәстүрлі әнші, термешілері мен күйшілері Ұлттық арнада бас қосып, еліміздің таңдаулы туындыларын дәріптеу арқылы атадан балаға мирас болып қалған төл өнеріміз күй, жыр-термені заманға сай жаңашаландырып, жұртшылыққа ұсынбақ.

Ауқымды жобаға еліміздің 14 облысынан және Ресей Федерациясы, Қытай Халық республикасы, Моңғолия мен Алтайда тұратын қандастарымыз да қатысқан болатын.


Байқауда 675 өнерпаз бақ сынасып, іріктеу турларынан ең үздік деп танылған 57 үміткер республикалық телевизиялық байқауға жолдама алды.

Халықаралық жобаның күнделіктерін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан бүгіннен бастап сағат 21:20-да көре аласыздар.