"Мен қазақпын Отаныма оралған, елге келіп алған атым оралман": Шеттен келген қандас қазақстандықтарға ренішін білдірді (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде тараған видео көпшілікті екі түрлі пікірде қалдырды, деп жазды Caravan.kz медиа порталының тілшісі.

Мен қазақпын Отаныма оралған,

Елге келіп алған атым оралман.

Оралман деп оқшаулап ағайын, 

Мен тіліңмін, дәстүріңмін оралған.

Құшақ жайып қарсы ал мен бауырым, 

Бір қазаққа көбейді ғой ауылың.

Отаным деп қиып тастап келдім мен, 

Туған жер мен ата-анамның қабірін, - деп әуелетті қандас кісі. 

Оқырмандар: "Нағыз қазақ, қош келдіңіз! Өсіңіз, өркендеңіз", "Ертең қазақтың басына іс түссе қайтып қашып кетпе бауырым", "Жүректі тебірентті мына ән", деп жазды. 

Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев "оралман" сөзінен бас тартып, "қандас" деп айтуды ұсынған.

Мен бұдан бұрын да тарихи отанына келген қазақтарды "оралман" деп атаудан бас тартып, "қандас" дегеніміз жөн болады деген едім. Жеті атасын білетін халыққа "қандас" деген ұғым жарасады, – деді Тоқаев.


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен "оралман" термині "қандас" болып өзгертілді

 

Loading...