«Мен үшін ел сенімінен асқан мәртебе жоқ. Сол сенімді ақтаудан артық бақыт жоқ. Сол себепті мен Қазақстанның жарқын болашағы жолында қандай тәуекелге де бармын», - деді ҚР Президенті. Сонымен қатар Елбасы қазір ғана еліміздің Конституциясына сәйкес халқымызға ант бергенін еске салып өтті. Біз барша әлемге Қазақстан халқының күші мен бірлігін, ұйымшылдығын паш еттік. Өткен сайлау дауыс берушілердің жаппай қатысуы арқылы тарих қойнауына енетін болады. Қазақстандықтар тағы бір мәрте халыққа қызмет етуге шақыра отырып, маған ұлы сенім артты», - деді ҚР Президенті.