Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚР Президентінің телерадиокешенінің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Алматы қаласындағы жұмыс сапарында мемлекет басшысы Сүлеймен Демирел атындағы университеттің білім беру бағытымен және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысты. Аталмыш оқу ордасымен танысу барысында Ангола азаматы, университеттің 4 курс студенті Ферейра Элиша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен қазақ тілінде сөйлескен.
"Біздің университетке қош келдіңіздер! Мен Анголадан келдім. Сізді көргеніме өте қуаныштымын. Мен қазір қоңырат болдым. Қазақ елі жасай берсін", - деді ол.
Президент өз кезегінде Біріккен Ұлттар Ұйымында жұмыс істеп жүрген кезінде Ангола астанасы Луандада болғанын айтты.