"Мен сені жерлеймін": "Қалаулым" жобасының қатысушылары бір-бірін өлтірмек пе?

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Айза, сен менің ажырасқанымды айтып, одан кейін жөргек таба алмады баласына деген сөз айтқан едің. Сенің сол айтқан сөзіңнен анам жылап қалған болатын. Мен саған бір ескерте кетейін, қазақтың қызысың ғой сенің абыройыңды төккім келмейді. Бірақ, қазақтың қызының намысы менің анамның бір тамшы жасына татиды ма? Татымайды. Сондықтан, келесі де ескерте кетейін. Айза, саған соңғы ескертуім болсын барынша бір-бірімізге жақсы пікір айтуға тырысайық. Болмаса, реніш болмасын мен саған шынымен де ескертіп отырмын. Маған қарсы шығатын болсам, келесі де мен сені жерлеймін", - деп жауап берді бағдарлама қатысушысы Олжас Ходжаниязов.