Мен, сіздердің абыройларыңыз үшін, барлық әрекеттің барынша заң шеңберінде жасалғанын қалаймын - Өтембаев



Оған қоса ол : "осы атышулы қылмыстық іске қатысушыларға алғыс айтқан әділ болар еді",- дегенді айтты. "Мен 50 жастамын , соттан сұрайтыным, жас жігіттерге мұқият көзқарас ұстануды сұраймын, олардың бар өмірі әлі алда",-деп ескертті.

Сондай-ақ , айыпталушылар Рустам Ибрагимов, Алымжан Ғазиев, Еділ Әбікенов, Асылан Тәжі, Разхан Есепбергенов, Ерлан Ералиев, Виталий Мирошников, Нүркен Едігеев, Ерғали Қасымов соңғы сөз алды.

Е.Қасымов соңғы сөзінде, "мен жазамды өтеуге дайынмын",- деді. Бірақ соттан ол бас бостандығынан айырмауды сұрап, кәмелетке толмаған үш баласы бар екенін алға тартты.

Е.Әбікенов өз кезегінде, "осынша жыл осы жүйеде қызмет ете келіп, ақыр-аяғында темір торға тоғытыламын деп ойлаған емеспін", деді.

Сотта жарыссөздер аяқталды. Сотқа төрағалық етіп келген Алматы облыстық сотының судьясы Лукмат Мерекеновтың айтуынша, айыпталушыларға қатысты ақтық шешім 31 тамызда шығарылады.