Бұл туралы ол Қанат Бейсекеевке берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Продюсер бұған дейін адамдарды футболмен айналыспауға және футбол матчтарын көрмеуге шақырғанын еске алды. Адамбай сол кезеңде өзгелерге немен айналысу керегін немесе керісінше, неден бас тарту қажет екенін айтуға өзін құқылы санағанын жеткізді.
“Ол кезде қателескенімді мойындаймын. Футболмен айналыспау керек, футбол көрмеу керек дегенім – менің ақымақтығым болды. Сол кезде соншалықты ойсыз болғаным сонша, өзгелерге немен айналысуға болатынын, немен айналысуға болмайтынын айтуға құқығым бар деп ойладым”, - деді Нұртас Адамбай.
Соңында ол бұрынғы көзқарасын еске алып, эмоциясын жасыра алмай, көзіне жас алды.