"Мен тәуелсіз әйел затымын": Данэлия Тулешова кімге ғашық болғанын айтты

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Жауап бер" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Кішкентай кезінен-ақ сахнаны бағындырған жас әнші махаббат сезімі туралы айтып берді. Ол бұл ерекше құбылыстың қыз балаға қалай әсер ететінін жеткізген. Оған қоса, өнер иесі ұл балалар ғашық болудың қаншалықты қызық екенін білмейді дейді. 

"Ғашық болу - үлкен іс. Әсіресе, қыздар үшін өте қызық. Ұлдар әзірге мұны түсінбейді. Ал қыздар бұл тақырыпта көп сөйлеседі, құрбыларымен бөліседі", - дейді Данэля Тулешова. 

Сонымен қатар, Данэлия Тулешова өзінің бала күнгі ғашығын есіне алып, кімді жақсы көріп қалғанын айтып берді. Алайда, бойжетіп келе жатқан қыз сол сезімдерінен кейін, ешкімге ғашық болмағанын айтады. Сонымен қатар, жас әнші махаббат туралы 8 жылдан кейін ғана ойланатынын жеткізді.

"Мен 9-10 жаста болған кезде әдемі бір жігітке ғашық болып қалдым. Артынша оның маған ұнамай қалғанын түсіндім. Қазір мен ешкімді жақсы көрмеймін. Өйткені, мен тәуелсіз әйел затымын, өзімді-өзім қамтамассыз ете аламын. Бұл туралы маған 8 жылдан кейін хабарлассаңыздар болады", - дейді Данэля Тулешова.


Махаббат емес, шығармашылығын бірінші орынға қоятын ол әзірге сезімге ерік бергісі келмейтінін жеткізген. Осылайша, әнші жоспармен жүретінін байқатты.