Мүмкіндігі шектеулі балалардың өлең оқыған сәті түсірілген бейнеролик әлеуметтік желіге тарап, жұрттың көңілін босатты. Олар америкалық ақын Still I Rise-тың және жазушы Майи Энджелоудың туындыларын жариялаған, деп хабарлайды Today.kz.
Жүріп тұруының өзі қиынға соғатын мүгедек балалар "Я поднимусь" (мен тұрамын) деп әр сөзді барынша мүдірмей, анық айтып жеткізуге тырысқан. Тіпті олардың бір жерге жиналуының өзі күрделі жағдай. Дегенмен арбаға таңылған кішкентай балалар мен қыздар жабырқамай, қайта өлеңнің мағынасын түсініп, қоғамға да түсіндіргісі келгендей.
Видеоны мүгедек балалардың ата-аналары Қауымдастысы мүшелері түсірген.
"Бұл өлең жолдары маған қатты әсер етті. Біздің балаларға рух беретін өте күшті туынды. Видеода бүлдіршіндер айта алмаған сөздері бар. Бірақ олар бар күшімен тырысқан»,- деді мүгедек балалардың ата-аналары Қауымдастығының оқытушысы Ринат Мұхаметшин.
Роликті Қазақстандағы АҚШ елшілігі жариялаған байқауға қатысу үшін түсірген. Ұйымдастырушылардың талабы бойынша өлеңді үш тілде – ағылшын, орыс немесе қазақ тілінде оқу керек. Бұған қоса видеоға түсіріп, Instagram желісіне жүктеу қажет.Алғашқы 25 бейнероликке жүлде тағайындалыпты.
«26 ақпан күні балаларға өлеңнің үзінділерін жібердік. Байқау 28 күні аяқталуы тиіс.Сосын бір орталыққа жинап, роликті түсірдік. Кешке дейін монтаждап, түнде соңғы сәтте жібердік»,- дейді Мұхаметшин.
Байқауды ұйымдастырушылар бірден елшіліктің Instagramдағы аккаунтына жүктепті.
«Олар байқауға біздің қатысқанымызға өте қуанышты екенін айтты. Біздің балалар жүлделермен марапатталады. Бізге жүлде маңызды емес болатын. Біз бар болғаны бүлдіршіндер байқауға қатысын дедік. Ең бастысы оларды ынтыландырмақ болдық»,- деді театр студиясының оқытушысы.
Loading...