"Мен үшін бәрі бітті" Хиджаб киген сарыағаштық бойжеткен желі арқылы елмен қоштасты

Бұл туралы  Камиша Есмұхамбетқызы  Facebook-парақшасында жариялаған.

"Достар араларыңда срочна мына қызды танитындар бар ма? Aibek Erezhepov жекеме шығып, жазбаларын жіберіп отыр. Шамасы суицид жасамақшы, дін аман алып қалатын адам бар ма? Сарағаштың қызы дейді",- деп жазды ол.

Әйтседе бірқатар оқырман "Өлетін адам жарияға жар салмай өліп кетеді, елдің назарын аударту, арандату", деген сияқты пікір қалдырса, енді шын аты-жөні кім екен, аман болсыншы деп алаңдаушылық танытқан.  

Дегенмен қазір суицидке бармақ болған қызбен арнайы органдар айналысып жатқан көрінеді.