"Мен үшін хиджабта жүріп екі баламды асырау қиын болды" Ақбота Нұр өміріндегі өзгерісті жайып салды

Ол бұл туралы "Ревю" бағарламасында сұхбат берді.

"Сөздің ашығына келетін болсам, мен үшін хиджабта жүріп екі баламды асырау қиын болды. Өнер жолында ұзын киіп, етекті жауып, оранып нан таппайсың. Ал Instagram желісінде көбісі сұрақ қояды. Оның сексен пайызы оранбаған қыз-келіншектер - маған ақыл үйретенідер. Ал оранған әпкелеріміз керісінше мотивация береді. Бұл жағдай менің дайын болмай келгенімнен шығар деп ойлаймын.

Егер мен дайын болып келсем, мүмкін хиджабты өмірімнің соңына дейін киер едім. Мен бәрібір де әлі үмітімді үзбеймін. Қанша жасқа дейін өмір сүретінімді бір Алла біледі. Алайда, кейін мен немерелерімнің көзінше ашық-шашық болып отырғым келмейді.

Ең бастысы жүректе иман бар. Хиджабқа ешқандай күйзеліс салдарынан келген жоқпын. Біріншіден, хиджаб ешқандай да ойнайтын нәрсе емес. Екіншіден, мен күйзеліске түскен күннің өзінде Instagram желісінен жоқ болып кетемін. Бір-екі апта бойы кұйзелісте жүргенімді көрсетпеймін. Себебі, менің проблемам біреуге керек емес"
, - деді Ақбота Сейітмағамбет.