Қарапайым халықтың зарын түсініп, мұңын сезген заңгер өзінің инстаграм парақшасында мынадай жазба қалдырды:
Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
“ Мен жайлы ужас кино түсірсеңдер де, маған бәрібір халық кімнің кім екенін біледі!
Заң білмейтін әлсіз жандарды жылатып, алдатып қойып кейбіреулер қарап отыратын шығар! Жүрегінде иманы, құдайдан қорқатын есі дұрыс адекватты адам туралығын айтып көмек қолын созады!
Мен жайлы кино түсіріп, бүкіл әлемге барлық жаман жағымды паш етсеңдер де, әділетсіздікке тап болған әлсіз жандарға көмек бергенім берген!
Өздерін ақтау үшін шығарып жатқан материалдарын маған жіберіп әуре болмаңыздар!
Халықтың сөзін сөйлеген адамды кім ұнатсын?
Мен заңгер боламба, жәй кәсіпкер болам ба? Онда елдің шаруасы қанша?
Ең бастысы менен қарапайым халық зардап шегіп зар еңіреп шет ел асып далада қалып жатқан жоқ!
Халықтың сөзін сөйлеп біраз әкім қараларға жақпайтынымды бәрі біледі.
Осы уақытқа дейін олар маған ештеңе істемеді деп ойлайсыздар ма?
Мен жайлы неше түрлі материал жазғызып, ойдан құрап видеолар түсірді!
Өсек әңгімеге сынып қалатын топас қызға ұқсаймын ба?
Қоғамдық жұмысты таңдағанда, бұндай кинолардың миллионы түсіріліп таралатынын біліп саналы түрде көмек беруге кіріскенмін!
Бүкіл Әлемге “мені жаман”, “мені топас” деп айқайлап көрсетсеңдер де болады!
Қарсылағым жоқ!
Бірақ қазақты алдауды доғарыңдар!
Елді жылатпай ақшаларын қайтарып беріңдер!
Тоқтамасаңдар заңмен тоқтатамыз!
Сосынше расталмаған ақпаратты тарату, яғни шығу тегі белгісіз ақпаратты әлем желіде тарату үшін заң бар екенін адвокаттары айтпаған ба?
Ал Мен де әрбір қыз көмек сұрап жазған арыздары бар! Мен арыздарға сүйенем, ал олар ертең неге сүйенеді деймін де?
Ақталған сайын қателік жасап жатыр……”, - деді.
Желі қолданушылар: "Біздің Айгүлді сындырамын дегендердің талайы жолда қалды","Қазақтың қайсар қызы!","Халқыңмен бірге болғаның үшін шексіз алғыс саған!","Жарайсың қайсар қыз","Сені қанша қараласа да біз ақтап аламыз. Себебі халықтың қызысың",-деп жазды.
https://www.instagram.com/p/CVYlee1AGrC/?utm_medium=copy_link