"Мен жақсы адаммын ғой. Олай болса неге жолым болмайды" - Айнұр Тұрсынбаева


Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды,- деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Көптеген xаттар "жолым болмайды, жолым ауыр, жолымды қалай ашамын" деген мағынада келеді.. Бір кездері мен де "неге мен сәтсіздікке ұшырай беремін, мен деген жақсы адаммын ғой, олай болса неге жолым болмайды, неге көп қателесемін" деп қиналатын едім.. Сөйтсем өз жолымды өзім жауып тастаппын.. Елдің бәріне ренжіппін, өкпелеппін, өсек айтыппын, ешкімге сенбеппін...Өзім қателік жасап алып "Е,Алла не жаздым саған" деп орынсыз жылаппын.. Жалпы Аллаға шын жүрегімен сенетін адам күйзеліске түспейді негізі.. Барлық қиындықты шешуші бір Алла екенін жүрекпен сезінсеңіз кәдімгідей жеңілдеп қаласыз.. Жолыңызды ашқыңыз келе ме?
Миыңызды жақсылап тазалаңыз!
Үйіңізді жақсылап тазалаңыз!
Садақа беріңіз!
Адамдардың сыртынан тек мақтау айтып үйреніңіз!
Мешітке барып Алламен сырласыңыз..!
Науқастардың көңілін сұраңыз!
Ешкімнен ештеңені қызғанбаңыз!
Балалармен ойнаңыз!
Балалардан таза энергия алуға болады!
Тәртіпппен ұйықтап үйреніңіз..!
Күніне тым болмаса жарты сағат миыңызға тыныштық беріңіз..!
Өзгермейтін нәрсе жоқ!
Алла сізді сүйеді!
Жақсылық көрсеңіз өзіңізден, жамандық көрсеңіз өзіңізден..☝🏾
Жұма мүбәрәк жақсылар", - деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.