Қаралы хабарды блогердің өзі жеткізді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Блогердің айтуынша, оның туған ағасы жантүршігерлік жол апатынан қайтыс болған.
Атышулы "Қалаулым" бағдарламасы арқылы танылған Бауыржан Зорбайдың ағасының артынан төрт бала қалған. Блгогердің өзі болса, бұл қазаны тым ауыр қабылдағанын айтқан.
""Қасыма көшіп келші" - деп едімғой... Мен жақсы іні бола алмаған шығармын, сен жақсы аға болдың" деп жазды ол.
Көпшілік блогердің қайғысына ортақтасып, жаппай көңіл айтқан.