"Мен жылағым келеді, шаршадым, Зәке": Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің үйін сататынын айтты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бейнежазба әуелі Мақпал Жүнісованың ресми парақшасына шығып, кейін өшірілді. Дауыс иесі видеодан көрінбей, кадр сыртында сөйледі.

"Зәке, сен мені кешір. Мен шаршадым. Менің сенің дүниеңді сақтап отырғаныма 20 жыл болады екен. Кешір мені. Егер де Үкімет сенің дүниеңді алып кетпейтін болса, туған туысқандардың бәріне таратып, мына үйді сатамын. Маған оңай болмай тұр. Сол үшін тойға барып жүрмін. Ай сайын сіздің үйіңізді сақтау үшін жүз мың теңге керек. Бұл жерде біз шомылмаймыз да, саунаға да түспейміз. Ешқандай затыңызды пайдаланған да жоқпыз. Бұл үйге газ жүргізілмеген, Зәке. 20 жыл бойы екі үйге 210 мың теңгеден төлеп келе жатырмын. Екі үйге де газ жүргізілмеген. Мен жылағым келеді, шаршадым, Зәке", - дейді видеодағы Мақпал Жүнісованың даусына ұқсас әйел.