Бұл туралы ол өзінің Tik Tok желісінде айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Бүр күні түнде жұмыстан шықтым. Сүйінбай көшесімен төмен қарай машинамен кетіп бара жатқан кезде бір әйел тоқтатты, жол-жөнекей адам жинап алып кетесің ғой. Жолдың бойынан түсіп қаламын деп екі жүз теңгеге бір орыс әйел артына отырды. Кетіп бара жатқан кезде маған бірден я очень люблю секс деді. Мен біртүрлі болып қалдым, машинада тек екеуміз. Жалпы Пайғамбар с.ғ.с сөзі бар ғой, екеуі қалса үшіншісі шайтан деген. Сол кезде осы нәрсе маған қатты әсер етті. Денем біртүрлі болып, мұны маған не үшін айтып отырсыз дедім. Можно я оплачу своим телом деген нәрселерді айтты. Менде ондай жағдай бірінші рет болды, денем дірілдеп біртүрлі болып қалдым. Мен мұсылманбыз, намазханбыз, Алладан қорқамыз, зина деген үлкен күнә. Мен машинаны тоқтатып түсіңіз дедім. Ол жоқ мен шықпаймын, мені жеткізіңіз мен сосын қалай төлегім келді солай төлеймін деді. Мен оны машинадан әрең дегенде шығарып жібердім. Еркектер не нормальный деп түсіп кетті. Сонда ол менің жағдайымды не нормальный деп санап тұр. Содан кейін мен тез үйге жетуге тырыстым. Жол бойы мен не істедім Алла маған мұндай сынақ беретіндей деп ойланып келдім. Мені ер адамдар түсінеді, өте соблазнительно, әдеміше келген әйел, жалғыз екеуміз ғана, түн, қайда тоқтап не істесеңде өзің білесің. Бірақ сол жағдай мені қатты ойландырды. Үйде өзімнен өзім босап жыладым. Сол сәттте көңіл күйім түсіп кетті,бірақ маған бір адам хабарласып Ардақ ертең документтеріңді алып кел, умраға барасың деді. Бұл мен үшін тосын сый болды. Бұл нәрсе өзіме үлкен сабақ болды, мен харамнан алыс болдым, Алла маған сол мезетте бір сый берді", - деді ол.