Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Әсел Тасмағамбетова өзінің туған әжесіне желіде жылы жазба қалдырды.
"Биыл Ақ папама 100 жыл толар еді…Кейде ескі суреттерді қолыма алып, ұзақ қараймын. Сол суреттердің ішінде менің ең бақытты балалық шағым жатыр. Ақ папамның жанында, әжемнің құшағында өткен күндер…
Бала кезде уақыттың қадірін толық түсіне бермейсің. Ақ папамның айтқан әрбір әңгімесі, әрбір ақылы, әрбір құшағына алған сәті өмір бойы менімен бірге қалатынын ол кезде қайдан білейін…
Бүгін мені ең қатты толғандыратын бір ғана ой бар. Балаларымның Ақ папамен ұзақ отырып әңгімелесуге, оның ақылын тыңдап, мейірімін сезінуге мүмкіндігі болмады. Олар Ақ папаны менің әңгімелерім арқылы ғана таниды.
Бірақ мен бір нәрсеге сенемін. Адам өмірден өтеді, бірақ оның берген тәрбиесі, көрсеткен өнегесі мен қалдырған жылуы ешқашан жоғалмайды. Ақ папамнан алған мейірім, адамгершілік пен елге деген сүйіспеншілік бүгінде мен өз балаларымның бойына сіңіруге тырысатын ең қымбат құндылықтарға айналды.
Сондықтан Ақ папам бүгінде арамызда болмаса да, оның рухы, тәрбиесі мен жылуы біздің отбасымызда әлі де өмір сүріп келеді", - деп жазды ол.