Белгілі әнші Тамара Асар өзін кейбір жандардың поп музыка королі Майкл Джексонға немесе ресейлік әнші Диана Гурцкаяға ұқсататынын айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Қазақ әншісі бұл туралы өзінің ресми парақшасында ағынан жарылды.
Мені кейде Майкл Джексонға, кейде Диана Гурцкая ұқсатып жатады. Негізі "Физиогномикамызда" ұқсастық жоқ. Дейтұрғанмен,осыған орай айтайын дегенім,қоршаған ортаны алдау мүмкін емес, яғни, бізді қоршаған қоғамдағы адамдарды біз жайында бәрін біледі...
Олар сен ешкімге айтпайтын,ешкімге айта да алмайтын сенің тотальды энергетикаңдағы ақпаратты немесе жасырын ойларыңды сені бір көріп-ақ оқып алады да, сосын сол арқылы сен жайында өздері "болжам" жасай береді. Қазақта оны "Халық айтса, қалып айтпайды"- деп жатады. Бірақ оған сіз де, олар да түсініктеме бере алмауы мүмкін. Ал мен өзімше отырып, анализ жасасам, мен бала кезімде Майкл Джексонды қатты жақсы көріп, сол сияқты шляпа киіп жүретінмін. "Мен Майклдың қыз түрімін"-деп. Ол арманымды тіпті ұмытып та кетіппін, енді есіме түсіп отыр. Ал Гурцкая алғаш шыққанда оның "Ты здесь" деген әнін "отырған жерімді басыма көтеріп" айтатынмын. Соның образына кіріп алып, кейде шыға алмай қалатынмын. Кейін мен ол еліктеулерімді өзім ұмытсам да, менің энергетикам ұмытпай, трафарет сияқты өзінің бір бұрышына қатты сақтап қалған болуы керек. Сол себепті менің тыңдармандарым мен инста, фейсбук оқырмандарым "Майкл жив" немесе "Казахская Гурцкая" деген теңеулер мен шымшыма кекетулерді менің адресіме жазып жатады