”Мені қорлады”: Мақпал Жүнісова ұшаққа домбырамен кіре алмаған

Бұл туралы әнші Instagram stories-те айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Билетте фамилиясы жоқ, домбыра деп жазылмаған. Бірақ, 59 мың теңгеге домбырамызды айқайлап жүріп өткіздік. Енді Қасым-Жомарт Тоқаев ағамыз бұны қолға алмаса, жылайтын нәрсе екен. Осымен Fly Arystan мені үшінші рет осылай қорлап отыр”, - дейді өнер иесі.