“Мені өнердегі әріптестерім дуалаған”: Рамазан Амантай артық салмақ қосуының себебін айтты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол Жанар Байсемізге берген сұхбатында кейінгі жылдары артық салмақ қосып алуының себебін айтты.

”Мен “Қазақша бизнес” киносының алғашқы бөлімінде 70 келі болдым. Жыл сайын 10 келіден қосып, барлығы 90 кг қосып алдым. Шегі 161 келі болды. Өзімді қолға алып жатырмын. Өзіме қиын болып кетті. Аяқ-киімімді, ұнатқан киімімді кие алмаймын, түнгі ұйқым дұрыс емес. Отырған қалыпта ғана жақсы ұйықтауым мүмкін. Энергиям мүлде жоқ. Өмірімде көріпкел, бақсылар пайда бола бастады. “Бізге келсін, ол балада бірдеңе бар, көз тиген” деп танымайтын адамдар шақыра бастады. Дін бойынша бір адамға адамға бардым, сенде дуа бар деді. Дем салды. Әлі де баруым керек. Көз көп, сыртыңнан жасалған күштер бар деді. Сенбейін десең, ойға алған дүниелер қиын іске асып жатады. Сенейін десең, шариғаттың шеңберіне сыймай жатады. Бірақ, барып тазарып жүрмін. Демнен кейін өзімді жақсы сезінемін. Семіріп кетсін деп дуаламаған шығар, бірақ психологиялық жағдай қиындай түседі. Салмақ қосуыма сол рухани жағдай да әсер етуі мүмкін. Ол мәселені айтып түсіндіре алмаймын. Келіншегіме айтқым келеді, бірақ түсіндіре алмаймын. Ішімде бір мұң жатыр. Соны өзім түсіне алмаймын”, - дейді ол.

Сондай-ақ, актер өзіне дуа жасаған адамның кім екенін де жасырмай айтты.

”Маған жақындарым саған сыртыңнан дуа жасалған деп айтып келді. Ол қасымдағы әріптестер тарапынан болған екен. Менің білетінім, оны жасаған ер адам. Білмейтіндерің де біршама деді. Жақындарым көріпкелге барғанда “Рамазан деген кім, алып келіңдер” деп айтыпты. Дуаны жетістіктерімді көрей алмайтындар жасаған шығар. Қазір қасиеті адамға барып емделіп жүрмін. Ол дуа жасаған адамдарды айтты. Өнер жолындағы жақын адамдар. Олармен қазір араласамын, менің білетінімді білмейді”, - дейді Рамазан Амантай.