Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
" 90-шы жылдардың басында мен Варшава университетінің студенті болғанмын. Жыл бойы оқып жүрдім. Жазда каникулда әкем мені Лондонға ағылшын тілін үйренсін деп жіберіп отыратын. Дегенмен "елшінің баласы" болдым ғой) Сол Лондонның Callan school деген тіл мектебінде мені Ресей студенті деп жазды. Мен наразылық білдіріп сол мектептің директорына бардым: Қазақстан бірнеше жыл болды тәуелсіз ел деп. Сонда маған дәлел ретінде "тел кодтарыңыз Ресейдің +7 ғой? Сендер Татарстан секілді Ресейдің ішіндегі ел емессіңдер ме?", жауап берді. Мен басқа дәлелдерді келтіріп, Қазақстан дербес ел екенін бір неше күннің ішінде әрең оларды мойындаттым. Нәтижесінде Callan school мектептің базасын өзгерттіп Қазақстан деген дербес елдің алғаш студенті болып алдым. Сондықтан +7 құтылып өзіндік +997 қодына көшуімізді құптаймын. Ол ұсақ мәселе емес " - деп жазды Мұхтар Тайжан.
Еске салсақ, Қазақстанның халықаралық коды +997 болып өзгертілетін болды. Оған еліміз 2025 жылы толықтай көшеді.