Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Бұған қоса, продюсер салтанатты мерекелік іс-шаралардың лентасын қиып, арнайы шақыртуларға ие болып жүр.
Карантин кезінде осындай көпшілік жиналған ортаға бару-бармау керектігін айыра алмаған оқырмандар тарапынан түрлі пікірлер жазылды.
"Сендерге карантин жоқ па осы, қарапайым халық үйден шықпай отырғанда сендердікі не осы" деп жазған оқырманын Гүлзира ханым жауапсыз қалдырмады. "Мені шақырған жердің бәріне өкімет рұқсат деп заң шығарды", деп күлді продюсер ханым.
Продюсер бұған дейін балаларды тұсауын кескені жөнінде айтқан болатын. Самолетке мінгеннен түскенше, барған жерлерімде де балаға түкіртумен болды - Гүлзира Айдарбекова