"Менің ауызашарымның тізімінде атақты, қарны тоқ адамдар жоқ": Блогер көпшілікке үндеу жасады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол Instagram желісінде жариялаған видеода Рамазан айында 30 күн бойы ауызашар беретінін айтты.

"Үндеу салғым келіп тұр. Осы жылы құдай қаласа, 30 күн ауызашар беруге ниеттімін. Бірақ, менің ауызашарларымның тізімінде ешқандай атақты, қарны тоқ бай адамдар, онсыз да күнде ет жеп жүрген адамдар жоқ. Ауызашар бергісі келетін жағдайы бар кісілерге айтқым келетіні, ауызашар бергіңіз келсе, студенттерге, көп балалы, жалғызбасты аналарға, секілді адамдар көп қой. Күнде ет жеп, тойып жүрген, тамағы бар, өзі ауызашар беріп жүрген адамдарға ауызашар берудің қажеті жоқ деп ойлаймын", - дейді ол.

Еске сала кетейік, күллі мұсылман қауымы асыға күтетін Рамазан айы бүгін, яғни 19 ақпанда басталды. Ал қасиетті айдың аяқталуы мен Ораза айт мерекесі 20 наурызға сәйкес келеді. Еліміздің қалалары мен ауылдарына арналған ауызашар кестесін мына сілтемеге өтіп көре аласыздар.