Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Отандық телеарналардың біріне сұхбат берген ол, Смағұловтың бала күнінде қандай болғанын айтты.
"Мен жұмыс істеп келемін, кешке жақын, түнде сағат 1-де, сонда аяғыма отырады, қолымнан сүйеді. "Мама мен саған бәрін қайтарамын, тек қана мені өсір, жеткіз. Мен жетім қалмайын, әкем жоқ, сенгенім сенсің дейді. Сондықтан құдайдың өзі бергені шығар.
Менің көз жасым, өзінің тәрбиесі, жолдастары жақсы болды. Еңбекті кішкентай кезінен бастап бақылау біледі. Еңбек ол сенің өмірің дейтін. Сондықтан, балам солай өсті. Құдай берген бала, көз тимесін деп қорқамын. Мешітке барғанда садақа беремін, айтамын. Көзден, сөзден аулақ", - деп ағынан жарылды ол.