"Менде әзірше ешқандай Instagram жоқ. Мен өзімнің жалғыз @bayzakova аккаунтымның қалыпқа келтірілуін күтіп отырмын. Басқасының барлығы - фэйк. Менің Instagram парақшамды екі-үш күнде қалыпқа келтірулері керек. Достар, менің айтарым бар", - деді Айжан Байзақова.
Айжан Байзақова 29 желтоқсанда бостандыққа шықты.
Еске сала кетейік, 26 желтоқсанда полицейлер 22 жастағы қыздың ұсақ бұзақылық үшін жауапкершілікке тартқанын хабарлаған еді. Таяуда қаладағы клубтардың бірінде қыздардың тыржалаңаш шешінген видеосы жарияланған болатын.