Менің әрбір күнім қуаныш пен шаттыққа толы - Жазира Байырбекова

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әнші желідегі оқырмандарына мотивация беру мақсатында мынадай жазба қалдырған болатын.

"Осыны қайталаңыз:

Әрбір жаңа күн мен үшін жаңа мүмкіндік
Мен өмірде әр минуттан бақыт сезінудемін
Менің әрбір күнім қуаныш пен шаттыққа толы
Менің әрбір күнім махаббат пен сүйіспеншілікке толы
Менің әрбір күнім тамаша тосын сыйға толы
Мен өмір сүргенім үшін бақыттымын
Мен бақыттымын
Тыныс алған сайын менің жаным рахат алуда
Мен махаббатқа шомылып өмір сүрудемін!".

Бірақ, әншінің оқырмандары дұрыс түсінбей қалса керек. Әншіге: "Сенің күніңмен біздің өмір сай емес" деген сыңайлы түрлі пікірлер жазылды. Жазира ханым да посттағы комментарий жазбайтындай етіп блоктап тастады. 

Құрметті оқырмандар! Әрбір күндеріңіз қуаныш пен шаттыққа толы болсын!