«Менің «Қайда» әнімді кез-келген итке дейін біледі» - Ерке Есмахан ағынан жарылды

Ол Caravan.kz медиа-порталына өз тыңдармандарына деген махаббатын, Төреғали Төреәлі туралы және өзге де көптеген дүниелердің басын ашты.

- «МАХАББАТ КАФЕСI» алғаш түскен фильміңіз болды. Сізге қайсысы көбірек ұнады, ән салған ба әлде киноға түскен бе?

- Иә бұл менің осы саладағы бірінші тәжірибем. Әуелгіде аталған картинаға түсемін деп ойлаған жоқпын. Мені кадр сыртында бас продюсер ретіндегі жұмыс қызықтырды.

Маған команда жасақтау, фильмнің қаржысын, локациясын бекіту жұмыстары ұнады. Ал бірде көңіл-күйім көтеріңкі кезде кезекті рет сценариді оқып отырып, мәтінге араласа бастадым, тіпті арасында өз сөздерімді қоса бастадым. Ондағы кейіпкерлерді өзімше әзіл түрінде сомдай бастадым. Сосын Асқар Ұзабаев маған бағымды сынап көруді ұсынды. Көпке дейін келісім бермедім.Фильмі түсіру жұмыстары мен концерттерімді үйлестіру мүмкін емес екенін айттым. Бұған қоса тәжірибем жоқ. Ақыр соңында бақ сынап көруге бел байладым және өзімнің тыңдармандарымның көңілінен шықтым деп үміттенемін.

Кинодағы түсіру жұмыстары бұл ерекше қызықты.Үлкен топпен бірнеше апта бойы етене араласып, тығыз жұмыс істеу барысында сіз бір тұтас ағзаға айналасыз. Фильмдегі жұмысымнан кейін мен кино сиқырына арбалдым десем де болады. Бірақ сахынаны шексіз ұнатамын! Ол мен үшін аса қымбат! Мен өз тыңдармандарымды ессіз сүйемін!

Адамдар менің әнімді айта бастаған кезде, шын ықыласымен әуендеріме билей бастағанда, жүздері күлімдеп, ризашылық танытқан кезде төбем көкке жетеді. Осының бәрін сахынадан бақылап тұрған сәттегі сезімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Мен шын жүректен бәріне алғысымды айтамын.

- Осының бәріне қалай үлгересіз (түсірілім, концерттер, продюсерлік), ол деген көп уақытты алады ғой. Жалпы бос уақытыңызды жақын адамдарыңызбен, балалармен қалай өткізесіз?

- Әдетте ұлымыз екеуіміз жылы жақтарға суға түсуге кетеміз. Шетелге барғанда екеуіміз жиі жаяу жүреміз, суға түсеміз, бірге тамақтанып, мультфильмдер көреміз, кітап оқимыз және әрине көп күлеміз. Біздің ешқашан ішіміз пыспайды. Ұлыммен уақыт өткізгенді жақсы көремін.Ал егер уақыт болса жақсы көретін жақын адамдарымызбен мейрамханаларда кездесеміз, киноға барамыз, боулинг ойнаймыз немесе Алматының Панфилов көшесімен қыдырамыз.


- «Алло» әні Төреғали Төрреәліге танымалдылық әкелді, ал сіз қандай әннен кейін танымал болдыңыз?

- Бұл әнді Төреғали Төреәлі екеуіміз бірге дуэт ретінде жаздық.Сондықтан ән тек оған ғана емес, маған да сәтті болды.:) (күлді. Авт.) Бұған қоса әрине өзімнің «Кайда» әнімді айтпай өте алмаймын..Бұл трэк үтіктен ғана шықпаған шығар, бұл әнді кез келген ит білетін шығар. Әзіл әрине. (күлді-Авт.)

- Әлеуметтік желіде сіз туралы көптеген жел сөздер тарап жатыр. Жалпы өзіңізге қатысты осындай сынға қалай қарайсыз?

- Шоу-бизнестегі көп жылдық еңбегімнің арқасында менде иммунитет пайда болды. Сондықтан ондай сөздер менің көңіл-күйімді түсіруі екіталай. Әрине, адамдардың қайдағы жоқ сөздерді ойлап табатыны және оны тарататыны жайсыз тиеді. «Егер сені сыртыңынан сөз қылып жатса - онда сенің алда болғаның. Сенің өміріңді талқылап жатса – яғни қызық болғаның», деген сөз бекер айтылмаса керек.Кемшіліктеріңді табуға тырысап жатса – яғни, көре алмайды!!!

- Зиянды қылықтарыңыз бар ма?

- Телефонға деген тәуелділік шығар. Егер оған бір кірсем, ол ұзаққа созылады. Әлеуметтік желіден бөлек, тағамдарға қатысты дүниелерді қараймын, кітап және жаңалықтар оқимын. Бұған қоса ұлыммен бейнеқоңырау арқылы сөйлесемін. Кейде достарым менің телефонымды оң қолына орнатылған деп әзілдейді.Солай біз ажырамаймыз.