"Менің шашым боялып тұр, сырға тағып отырмын": Ерболат Беделхан ер адамдардың боянуына қатысты жауап берді

Бұл туралы ол "Adal Adam" You Tube арнасына берген сұхбатта айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа поратлы.

"Менің шашым боялып тұр, сырға тағып отырмын. Не болыпты маған? Ештеңе болған жоқ, әлемдегі халық маған қарайды да әртіс екен ғой дейді. Мүмкін, Қазақстан халқы басқаша қарайтын шығар, бірақ менің келбетім нағыз әртіс адамға ұқсайды. Мен оны білемін, себебі, мен әлем аралаймын. Демек, әр мамандықтың өз келбеті болады. Мен "Бауыржан шоудан" шыққан жігітпін. Ол жақта бетімізге маска жасайтын. Сол кезде бізге тас лақтырды ма? Біз театрда 91 тобынан екі есе боянатынбыз. Сән индустриясында әдемілік әлемді құтқарады, сақтайды деген сөз бар. Сондықтан адам не киетінін, қайда тұратынын өзі таңдайды", - дейді ол. 

Ерболат Беделхан ЛГБТ өкілдерін шектеу мәселесі туралы да өз ойымен бөлісті. 

"ЛГБТ өкілдерін қырып тастау керек пе? Сонда ол адам емес па? Еркіндік, таңдау қайда? Әлде, мемлекет маған бәрін жазып беру керек пе? Өмірдің мәні не сонда? Мен солай ойланамын", - дейді ол.