Менің театрдағы ең сүйікті рөлім - «Қарагөз» - Зәмзәгүл Шәріпова

Бұл жайлы ҚР Халық артисі Зәмзәгүл Шәріпованың 29 қазан күні Алматыдағы Қазақтың М. Әуезов атындағы академиялық драма театрында өткен 80 жылдық мерейтойлық кешінде айтылды.

"Зәмзәм-кәусар" деген бұл ат мені көп көтеріп тастады. Кейін "Қарагөзді" дайындап жүргенде де Мұқаң білмегенімді түсіндіріп, ақыл-кеңесін беріп жүрді. Алайда ол кісі оны көре алмай кетті. Рахия апай Мұқаң Мәскеуге операция жасатуға бара жатыр екен. Қоштасуға бара жатырмын дегенде мен де үйіне ілесіп барған едім. Мұқаң онда сырқат адамға мүлде ұқсамаған болатын. Бірақ сол сапардан оралмады", - дейді Зәмзәгүл Нүсіпбайқызы.

Театр сахнасында 100-ден астам қойылымда ойнаған әйгілі өнер саңлағының айтуынша, оның ең сүйікті рөлі "Қарагөз" бейнесі. Ол осы рөлімен ҚР Халық артисі атанып, театртанушы ғалымдардың жоғары бағасын алып, жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді. Қазақтың М. Әуезов атындағы академиялық драма театрында 1952 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан З. Шәріпова кино өнерінде де өзіндік қолтаңбасын қалдырып, дубляж бен көркем сөз оқу салаларында да ерен еңбегімен халықтың сүйіспеншілігіне бөленген сан қырлы өнер иесі.