“Менің түкірігімді сатып алғысы келетіндер көп.” Дәулеттен жұлдыздардың сатылымға шыққанын түкірігіне қатысты пікір айтты

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Танымал блогер Дәулет Мұқаев инстаграм әлеуметтік желісіндегі кеңінен тарап кеткен "Жұлдыздардың түкірігі" жайлы видеоның шын немесе жалған екендігіне байланысты пікір айтты. 

"Мына "жаңалықты" біраз оқырмандарым жіберіп жатыр. "Сіздің де түкірік сатылады ма?, қанша теңгеден?",-деп. Бұл видеоны шын көріп жатқандар жетерлік. Алайда бұл әзіл үшін түсірілген жаңалықтар топтамасы болатын", -деп жазды.

Еске салсақ, бұған дейін жаңа туған сәбиге "Ковидбек" деген есімнің қойылғаны жайлы жалған мәлімет тараған болатын. Оны да түкірік жайлы жасаған адамдар дайындаған еді. Ең сорақысы әзіл үшін жасалған бейнесюжетке көпшілік шындап сеніп қалған.


https://www.instagram.com/tv/CaOg5a4FB1RkoYbEdfJYFLygjfE_Tu0NPQeCAs0/?utm_medium=copy_link

Желі оқырмандары: "Ешкім постты соңына дейін оқымайды да, көпіріп өсек таратады","Бәсееее, жыным шығып кетті ғой","Негізі жақсы бизнес сияқты","Абсурдқой","Алматының ауасы деген сияқты ма?","Қысқасы қуды қазақтар", -деп пікір қалдырды.